Приветствие Генерального директора ЮНЕСКО к 90-летию Олжаса Сулейменова (директор РБ Амир Пирич)

12+
12+

1 просмотр

2 дня назад

ПожаловатьсяНарушение авторских прав
12+
12+

1 просмотр

2 дня назад

ПожаловатьсяНарушение авторских прав
12+
12+

1 просмотр

2 дня назад

Новые книги Олжаса Сулейменова можно приобрести уже сейчас на kaspi.kz, ozon, wb, flip и в магазине oldbook. 2026 жылғы 26 мамырда Алматы қаласында көрнекті қазақстандық ақын, қоғам қайраткері әрі ойшыл Олжас Сүлейменовтың 90 жылдығына арналған «Өз жерінің елшісі» атты Еуразия мәдениеттерін жақындастыру жөніндегі VII халықаралық форумы өтеді. Биыл Қазақстан мен әлемнің бірқатар елдері аңызға айналған ақын, ойшыл, лингвист-ғалым, «Невада – Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының негізін қалаушы Олжас Сүлейменовтың 90 жылдық мерейтойын атап өтуде. 1960 жылдардан бастау алған Олжас Омарұлының шығармашылық және зияткерлік қызметі түркі халықтарының әлемдік өркениеттегі тарихи орнын жаңаша пайымдауға зор ықпал етіп, Еуразия халықтарының ортақ мұрасына деген қызығушылық пен мәдени сана-сезімнің артуына жол ашты. 1989 жылы оның бастамасымен құрылған «Невада – Семей» халықаралық антиядролық қозғалысы ХХ ғасыр соңындағы ең ірі қоғамдық қозғалыстардың біріне айналып, Семей ядролық полигонының жабылуына ықпал етті. Соның нәтижесінде Қазақстан жаһандық антиядролық қозғалыстың басты символдарының біріне айналды. Ал Олжас Сүлейменов негізін қалаған саналы өзара тәуелділік философиясы XXI ғасырдағы мәдениеттерді жақындастыру мен әлемді жаңғыртуға бағытталған іргелі идеялардың қатарына енді. Алдағы форумның мақсаты – Олжас Омарұлының идеялық, әдеби, ғылыми және философиялық мұрасын зерделеп, оны ұлттық әрі жаһандық деңгейдегі заманауи мәдени және білім беру үдерісіне енгізудің практикалық тетіктерін қарастыру. Олжас Сүлейменовтың 90 жылдығына арналған форум 26 мамыр күні Алматыдағы «Қазақстан» қонақүйінде өтеді. Ауқымды жиынға Қазақстан, Франция, Ресей, Әзербайжан, Түркия, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қытай, АҚШ және өзге де елдерден мәдениет, ғылым, әдебиет саласының танымал өкілдері, халықаралық ұйымдар мен қоғамдық институттардың мүшелері қатысады. Іс-шараны Болат Өтемұратов Қоры, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы ЮНЕСКО қамқорлығындағы Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығы және форум серіктестері ұйымдастырады. Болат Өтемұратов Қоры бірнеше жылдан бері Олжас Сүлейменов мұрасын дәріптеуге арналған мәдени және гуманитарлық жобаларды тұрақты түрде қолдап келеді. Қордың қолдауымен «Өз жерінің елшісі» кітабы үш тілде қайта басылып, «Аз и Я» еңбегі жарыққа шыққанына 50 жыл толуына орай жаңа басылыммен оқырманға жол тартты. Сонымен қатар автордың 90 жылдығына арналған «Поэмалар кітабы» жарық көрді. Форум аясындағы маңызды оқиғалардың бірі – Болат Өтемұратов Қорының қолдауымен Олжас Сүлейменовтың мерейтойына орай әзірленген жаңа басылымдардың таныстырылымы. Форум мәдениеттерді жақындастыруға және халықтар арасындағы саналы өзара тәуелділік қағидатын нығайтуға арналған халықаралық диалог алаңына айналады.

Название:

Приветствие Генерального директора ЮНЕСКО к 90-летию Олжаса Сулейменова (директор РБ Амир Пирич)

Категория:

Разное