ата-аналар жиналысы
17–18 қыркүйек күндері Астана қаласы №65 Мағжан Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясында жаңа оқу жылына арналған ата-аналар жиналысы өткізілді. 📚 Жиналыс барысында мектеп пен ата-ана арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, оқушылардың оқу үлгерімі мен тәртібі, сабаққа қатысуы, қауіпсіздігі және психологиялық жай-күйі туралы маңызды мәселелер талқыланды. 🤝 Сонымен қатар ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі мен жауапкершілігіне ерекше назар аударылып, жаңа оқу жылындағы сыныптың мақсаттары мен міндеттері таныстырылды. 💬 Жиналыс барысында ата-аналар пікір алмасып, сұрақтарын қойып, өз ұсыныстарымен бөлісті. Бала тәрбиесі – мектеп пен ата-ананың ортақ жауапкершілігі. Бірлескен қолдау мен өзара түсіністік – оқушының табысты дамуының маңызды негізі! 🌱
Название:
ата-аналар жиналысы
Категория:
Разное