Bogatyr Production System (KZ). Анатолий Приступа. 19.12.2025

12+
12+

11 часов назад

ПожаловатьсяНарушение авторских прав
12+
12+

11 часов назад

ПожаловатьсяНарушение авторских прав
12+
12+

11 часов назад

Теміржол жабдықтарын жөндеу дирекциясының кез келген цехына кірген адам өсіп тұрған гүлдерді көремін деп ойламасы анық. Алайда «Богатырская» жылжымалы құрам депосының отын аппараттарын жөндеу цехында олар жайқалып өсіп тұр. 5S жүйесінің талаптарына сай құрал-сайманы реттелген, тап-тұйнақтай таза бұл цехта «Шахтёр даңқы» белгісінің толық иегері, тәжірибелі маман әрі тәлімгер Анатолий Приступа еңбек етеді. «Өзіміз үшін аздап реттеп, күтіп ұстауға тырысамыз. Жұмыс орнымыздың жайлы болғанын қалаймыз. Сұрғылт, мазут иісі сіңген, көңілге қонбайтын жағдай болмасын дейміз. Цехқа кіргенде жанға жағымды ахуал сезілсе, жұмысты да жеңіл атқарасың. Айналадағы орта еңбекке тікелей әсер етеді. Егер цехта бәрі ыңғайлы болса, жұмыс та қызығырақ болады және бұл жағдай еңбек өнімділігіне тікелей әсер етеді», – дейді Анатолий Степанович. 1987 жылы жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі слесарь ретінде жұмысқа тұрған ол әлі де сол мамандығы бойынша еңбек етуде. Тек депоның ішіндегі цехтары ауысты. Міне, 35 жыл болды ол отын аппаратурасын жөндеу жөніндегі цехында жұмыс істеуде. Осы жылдар ішінде кәсіпорынның атауы да, меншік иелері де өзгерді, бірақ оның мамандыққа деген сүйіспеншілігі мен еңбекке деген жауапкершілігі өзгерген емес. Тәртіп пен тазалыққа деген ұмтылысы бүгінде 5S жүйесінің талаптарымен үйлесім тауып отыр. «5S стандарты – өндірістік тиімділікті арттыруға бағытталған жүйе. Сұрыптау, реттеп орналастыру – жұмыстың сапасына тікелей ықпал етеді. Қай құрал қай жерде тұрғанын алдын ала білесің. Барлығы таңбаланған, шкаф ақтарып уақыт жоғалтпайсың. Кілттер де, басқа құралдар да өз орнында. Келесің, керегіңді аласың да, жұмысыңды жалғастыра бересің», – дейді Анатолий Степанович. Жасыл желекке оранған цехтың ішінде құрал-саймандар орналасқан арнайы стенд те ұқыптылықпен жасалған. Жөндеу барысында керекті жабдықтардың қолжетімді жерде тұруы уақытты үнемдеп, өнімділікті арттырады. Анатолий Степановичтің айтуынша бір цехта, бірақ басқа ауысымда еңбек ететін Жандарбек Абаев та әріптесінің осы тәртіпке деген көзқарасын толық қолдайды. Ол алғаш жұмысқа келген кезде Приступа оған тәлімгер болып бекітіліп, бар білгенін үйретіпті. «Қалай талап қойылса, солай болуы тиіс. Жүйе енгізілген болса, демек соған сәйкес жұмыс істеу қажет», – деп түйіндеді ойын тәжірибелі маман. Бүгінде цех ұжымы 5S стандартын тұрақты түрде қолданып қана қоймай, оны жетілдіруге де үлес қосып келеді. Тәртіп пен тазалыққа негізделген еңбек мәдениеті – өндірістегі қауіпсіздіктің, сапаның және нәтижеліліктің басты кепілі. Бұл тәжірибе басқа бөлімшелер үшін де үлгі боларына сенім мол.

Название:

Bogatyr Production System (KZ). Анатолий Приступа. 19.12.2025

Категория:

Разное