7 ЛАҚ | ҚАЗАҚША ӘНДЕР МЕН ЕРТЕГІЛЕР | Балаларға арналған мультфильмдер
Сәлем көрермен !!! Bala-Hi ұжымы сіздерді қазақша әуенді ертегілермен қуантатын болады. Бұл Қазақстанның батыс аймағында теңдесі жоқ мықты жобаға айналатынына сеніміміз мол. Қолдау білдірушілерге алғысымыз шексіз !!! Ендеше бірге әндетейік: 1-Шумақ: Кішкентай-лақтарым, Тәп-тәтті шұнақтарым, Барып-қайтамын қазір дүкенге. Барып тамақ алғанша, Қайтадан оралғанша, Есік қақса ашпаңдар бөтенге. Қайырма: Тук-тук Анам келді алақай. Жоқ-жоқ Есік ашпа балақай. Кім екен деп келген сұра алдымен. Тук-тук Есік қаққан кім екен? Иа-иа Келген анашым екен. Есікті аш көз жеткізіп шынымен. Қайырма: Тук-тук Анам келді алақай. Жоқ-жоқ Есік ашпа балақай. Кім екен деп келген сұра алдымен. Тук-тук Есік қаққан кім екен? Иа-иа Келген анашым екен. Есікті аш көз жеткізіп шынымен. Топ-топ Қане бірге балақан. Соқ-соқ Шапалақтап алақан. Күліп-ойнап әндетейік біз күнде. Пай-пай Қандай күшті ертегім. Түрлі қызықтарды шертемін Үйреніп Bala-hi-менен бірге. XJNPGERFWEZMYBZD
Название:
7 ЛАҚ | ҚАЗАҚША ӘНДЕР МЕН ЕРТЕГІЛЕР | Балаларға арналған мультфильмдер
Категория:
Разное