Айналайын Official Music Video 2026

12+
12+

16 часов назад

ПожаловатьсяНарушение авторских прав
12+
12+

16 часов назад

ПожаловатьсяНарушение авторских прав
12+
12+

16 часов назад

Айналайын — лирическая песня-признание в любви. Песня о нежности, искренних чувствах и той единственной, что стала самой красивой на свете — Аружан. Текст песни: Жарық болдың жол көрсеткен қара түнде Жүрекке жылу берген жылы үнде Жүрекке сол бір келген жылы алау Шуақ шашып тұрдығой күнде-күнде Сезімнің не екенін енді сездім Қайран ай қайтып келмес сол кезім Таң атып түн батқанша сені ойлаған Жарқ етіп жана қалған неткен сезім Қолаң шаш, қастарыңнан айналайын Неткен сұлу көздерің, кең маңдайың Сұлулықты мен көрген көздеріммен Сөзбенде, өлеңменде айта алмаймын Ұқсамайсың ешкімге еркем менің Қылығыңда, қырыңда ерек сенің Құдайдың бұйырғаны осы болса Болмағаным шығар да сенің теңің Сүйгенін іздейдіғой әр тірі жан Өмірде кездеседі әртүрлі жан Ал маған кезік болған сол бір ару Арулардың аруы сен Аружан Қара сөзбен айта алмадым сезімімді Махаббатым тауысты төзімімді Жүрекке сыймай жатқан ғашықтықты Қара өлеңмен жеткезейін көңілімді Ғашықпын көздеріңнің қарасына Қолаң шаш қастарыңның арасына Томпиған қос беттерің қызғалдақтай Тәп тәтті қос ерінің тым расында Жатталды әлі есімбе әрбір демің Тіпті сұлу жүзіңдегі қара меңің Құдайым жаратқан ау сондай қылып Күлкіңде, қылығыңда сұлу сенің Не шара, не жасайын енді алдыда Нені себеп қылайын енді алдыға Құдайым тарту еткен сол бір сәттер Кеттіғой қайта келмес сәт қалдыға Қуанамын өмірімде болғаныңа Жүрекке жылу сыйлап қалғаныңа Сен сондай тым ерекше жансың бөлек Әттең ай айналмадың шын бағыма Қиын сәтте қасыңнан табылайын Қуанып, күлімсіреп жүрші әрдайым Біреу міреу ренжітсе егер сені Тіреуің арқа сүйер мен болайын Әр сәтің әкелсінші қуанышты Құдайым жолықтырсын шын ғашықты Егерде қаяу түссе көңіліңе Мендік көңіл жұбатуға тым асықты Сүйемін әлі сені шын жүрекпен Таза пиіл, шын көңіл ақ ниетпен Мендік көңіл азаймас көбеймесе Тілейтін тек жақсылық сөз тілекпен Бақытты бол Аруым айналайын Айналайын бақытыңды шын қалаймын Бұл айтылған сөздердің бәрі шындық Шындық болып қалады әркез дайым ❤️ #Айналайын #Лирика #Казахскаямузыка #Аружан

Название:

Айналайын Official Music Video 2026

Категория:

Разное