Алаш ақтаңгері Нәзір Төреқұловтың туылғанына — 125 жыл!
«Алаштың асыл перзенті». Осындай атаумен Түркістан қаласында қоғам қайраткері Нәзір Төреқұловтың 125 жылдығына арналған халықаралық конфереция болып өтті. Алқалы мәжілісте ел ағасының өнегелі өмірі кеңінен айтылды. Құс қанат ғұмыр. Қылыштың жүзіндей жарқ етіп, қазақы көзімен құбыла көрген, тұңғыш дипломат Нәзір Төреқұлов қалың қазақтың маңдайындағы нұр іспеттес. Қамшысаптай қысқа өмірінде еткен өшпес еңбегі — ел есінде. Аталған жиын барысында Төреқұлов мұрасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында насихатталуы тегін емес.
Название:
Алаш ақтаңгері Нәзір Төреқұловтың туылғанына — 125 жыл!
Категория:
Разное