Әлеуметтік студенттік ваучер
Студенттерді әлеуметтік бағытталған, қоғамдық пайдалы қызметі үшін ынталандыру мақсатында Әлеуметтік студенттік кредит түрінде көтермелеу белгіленген. Студенттерге Кредитің мынадай түрлері ұсынылады: 1) қызметтің 20 сағаты үшін студенттерге белгіленген білім беру ұйымы белгілеген екі академиялық кредиттің (сағаттың) есепке алынуына және 20 000 теңге мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем алуға мүмкіндік беретін ваучер түрінде Кредит беріледі. 2) қызметтің 50 сағаты үшін студенттерге белгіленген білім беру ұйымы белгілеген бес академиялық кредиттің (сағаттың) есепке алынуына және 50 000 теңге мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем алуға мүмкіндік беретін ваучер түрінде Кредит беріледі. Кредиттер қызметтің мынадай түрлері бойынша беріледі: 1) инклюзивті білім беру; 2) репетиторлық (қазақ тілі, ағылшын тілі, компьютерлік сауаттылық); 3) девиантты мінез-құлықты кәмелетке толмаған балалармен жұмыс; 4) аула және спорт клубтарын ұйымдастыру; 5) балалармен, қарт адамдармен және мүгедектермен әлеуметтік жұмыс; 6) қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздік, тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау саласындағы жұмыс; 7) емделушілер, қарттар мен мүгедектерге қызмет көрсететін мемлекеттік және жекеменшік ауруханалардың, емханалардың және басқа да әлеуметтік бағыттағы ұйымдардың жұмысына қатысу; 8) волонтерлермен республикалық және қалалық іс-шараларды өткізу кезінде жергілікті жастар ресурстық орталықтарының жұмысына қатысу; 9) туризмді дамыту мақсатында экскурсиялық қызметті (мұражайларға, кітапханаларға және қаланың басқа да көрікті жерлеріне бару) ұйымдастыру кезінде туристік қызметті жүзеге асыратын адамдардың жұмысына көмектесу; 10) халықаралық іс-шараларды (форумдар, универсиадалар, фестивальдер, спартакиадалар) ұйымдастыруға көмек; 11) жануарларға арналған панадағы жұмыс.
Название:
Әлеуметтік студенттік ваучер
Категория:
Разное